Ұлттық банк TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

Коллекциялық монета Сурет: Ұлттық банк
15 желтоқсан күні ҚР Ұлттық банкі TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монеталар реверсі дизайнының негізіне ежелде қолданылған ойын тақтасының дәстүрлі нысаны алынды, деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Күмістен жасалған монеталарда TOĠYZQUMALAQ жазуы және соғылған жылдың сандық белгісі алтын жалатылған ойын шарлары түрінде жасалған. Монетада 162 шар бейнеленген. Ойында да осы сан пайдаланылады. Монета реверсінің ортасында ою-өрнек орналасқан. Бұдан бөлек, дайындалған металды, сынамасын және массаны білдіретін жазулар бар".Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Монеталардың аверсінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы ою-өрнек жолағымен көмкерілген. Елтаңбаның айналасында мемлекеттік тілде және ағылшын тілінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монеталардың номиналы белгіленген.  

Монеталар:

- массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof және black-proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана күмістен (нүктелі алтын жалату, бір жақты тотығу және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалды;


Ұлттық банк, коллекциялақы монета, TOǴYZQUMALAQ

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (proof және black proof дайындау сапасымен)

- массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалды;

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (proof дайындау сапасымен)

- массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 дана мельхиор қоспасынан жасалды;

Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі 


Ұлттық банк, коллекциялық монета

Сурет: Ұлттық банк

- массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана нейзильбер қоспасынан жасалды.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз