"Алтын доптың" иегері Кәрім Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Реал, Футболдан әлем чемпионаты, Карим Бензема, Франция футбол құрамасы Сурет: Instagram/karimbenzema
"Реалдың" шабуылшысы Кәрім Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Мен көп күш жұмсадым, бұл жолда қателіктерге бой алдырдым. Бірақ мен жеткен жетістіктеріммен мақтанамын. Мен өз хикаямды жаздым. Ол енді аяқталды", – деп жазды ол.

Бензема 2022 жылғы әлем чемпионаты басталар алдында жарақат алып, турнирге қатыса алмады, бірақ команда құрамында қалды. Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына шығып, онда Аргентина құрамасынан жеңіліп қалды (3:3, 2:4 – айыпдоп бойынша).

Бензема Франция құрамасында 2007 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2015 жылы шабуылшы командаласы Матье Вальбуэнаның бопсалау дауына байланысты ұлттық құрама матчтарынан шеттетілді. Өткен жылдың мамыр айында Бензема Франция құрамасына қайта шақырылды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз