Тоқаев Өзбекстан президенті резиденциясының құрметті қонақтар аллеясына ағаш екті

Өзбекстан, Қазақстан президенті Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасы президентінің Ташкенттегі "Куксарой" резиденциясының құрметті қонақтар аллеясында ағаш екті, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Оны Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. 

Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ ол Ташкент қаласының "Янги Узбекистон" саябағындағы "Тәуелсіздік" монументіне гүл қойды. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз