Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада көлік кептелісін реттеуге көмектескен жігіт ескерту алды

Көлік кептелісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2022 10:10 Сурет: pixabay
Астанадағы үлкен көшелердің бірінде көлік қозғалысын реттеген жігіт полицейлердің назарына түскен. Тәртіп сақшылары келемін дегенше, оған жүргізушілер бағынған. Алайда полиция азаматтарға құқық бұзудың мұндай жағдайында жауапкершілік бар екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, полиция аталған факті бойынша 24 жастағы ер адаммен профилактикалық жұмыс жүргізген.

"Астана полиция департаменті мұндай әрекеттер, әсіресе, кешкі уақытта және шағылысатын элементтерсіз өмірге қауіпті екенін, сонымен қатар көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Ал бұл жағдайда, бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуі туралы сигнал түсе салысымен полицейлер көше қиылысындағы жағдайды бақылауға алды". Нұралы Тәңірбергенов, Астана ПД ресми өкілі

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкенттік жас жігіттің жол қозғалысын реттеп, өзі қоғамдық көлікке мініп кеткені туралы видео тараған. Ал полиция азаматтарға мұның адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін ескертіп, мұндай әрекетті жасамауға үндеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: