KazAID және JICA дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

KazAID және JICA дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен JICA жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандумның мақсаты — Қазақстан мен Жапонияның дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастығын ресімдеу және нығайту.

Тараптар өңірдегі әлеуметтік және экономикалық дамуды ынталандыру мақсатында Орталық Азия елдерінде бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруға ниетті.

Меморандумға KazAID тарапынан Басқарма төрағасы Дастан Елеукенов пен JICA тарапынан аға вице-президенті Сачико Имото қол қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз