Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ерегескен ер адам танысының көлігіне от қойған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 18:18 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада ер адам таныс келіншекпен ұрсысып қалған соң ерегесіп, оның қымбат көлігін өртеп жіберген. Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ға күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.

Оқыс оқиға таңғы сағат 05.50-де орын алған. Осы уақытта полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік күйші Дина Нүрпейісова көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.

Шақыру бойынша оқиға орнына келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстады. Ол мас күйінде өшіккен танысының көлігін өртеп жібергені анықталды.

Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген. Өрт салдарынан жәбірленушінің көлігіне елеулі зақым келді, оған 19 млн теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілді.


"Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті оқшаулады. Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Күдікті ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: