Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Яндекс.Такси" компаниясын тексеруді жалғастырады

Бәсекелстікті қорғау агенттігі, "Яндекс.Такси", сот, монополия Сурет: pixabay
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс.Такси" компаниясын тергеп, тексеруді жалғастыратынын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 желтоқсан күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2022 жылғы тексерілетін кезең бөлігіндегі бұйрығының ішінара күшін жою туралы шешімін жариялады. Сот бұл шешімді тергеу басталған 2022 жылға талдау болмауымен байланыстырды.

Ал Агенттік "Яндекс.Такси" үлесі Алматы қаласы бойынша 2020 жылы – 83,78%, 2021 жылы – 84,34%, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында – 95,3%, Астана қаласы бойынша 2020 жылы үлесі 60,7%, 2021 жылы 67,3% болғанын алға тартып отыр.

"Яндекс.Таксидің" бүгінгі жағдайы оның 2 жыл немесе одан да көп уақыт ішінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді. "Яндекс.Такси" комиссиясы ҚҚС есебімен 17%, бұл ретте "Яндекс.Такси" бәсекелесінің ең жоғары нарықтағы комиссиясы 12,5% болып отыр. Сондықтан "Яндекс.Такси" комиссиясы нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіштен 36% көп. Бұл ретте Алматы қаласы бойынша бәсекелестің үлесі 2020 жылы 0,6%, 2021 жылы 0,3% болды.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Яндекс.Таксиден" басқа жүргізушілерден 4% - дан тұратын комиссияны серіктес таксопарктері де алатынын мәлімдеді, бұл Қазақстан Республикасында жол жүру құнының жалпы қымбаттауына әкеліп соғады.

"Сот өз шешімін түсіндіру кезінде "Яндекс.Такси" тарапынан заңнаманы бұзу белгілері бары расталғанын келтіріп, уәкілетті орган тиісті талдау жүргізілгеннен кейін 2022 жылғы қызметі үшін тергеу ашуға құқылы деді. Осыған байланысты монополияға қарсы органның тергеуі жалғасатын болады. Бүгінгі таңда БҚДА "Яндекс.Таксидің" 2022 жылы монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан әрекеттерін талдап жатыр".Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Осы ретте Агенттік "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеуді бастауға клиенттердің компания белгілеген жоғары бағаға, ал жүргізушілердің комиссия көлемімен келіспейтіндігі жөніндегі көптеген шағымдары негіз болғанын еске салып өтті. 

30 желтоқсан күні "Яндекс.Такси" Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін сотқа бергені белгілі болды. Сот  "Яндекс.ТаксиКорп" ЖШС-нің талап арызын ішінара қанағаттандырды. Компания Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу жүргізу жөніндегі әрекеті мен бұйрығына қарсылық білдіру үшін сотқа шағым түсірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз