Алматыда қалың қар жауды

Алматыда 15-20 см қар түсті. Қарды күреуге 512 арнайы техника мен 1280 жұмысшы шықты, деп Zakon.kz.
2022 жылғы 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап Алматыда қар жауа бастап, ол 1 қаңтарда сағат 6:00-де тоқтады. Қар жамылғысының биіктігі 15-20 см болды.
Қазір жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Түнгі уақытта 462 арнайы техника мен 312 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Бөлісу
0
Толық оқу