"Қорғас" орталығының қызметі белгіленген мерзімде іске қосылмайтыны ескертілді

Әлеуметтік желі Сурет: Facebook/АО "УК СЭЗ Хоргос"
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы 8 қаңтарда аталған орталықтың қазақстандық бөлігінің қызметін жаңғырта алмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ұйымның әлеуметтік желісінде пайда болды.

2022 жылдың 28 желтоқсанында ҚХР СУАР "Қорғас" АЭА Әкімшілік комитеті мен басқарушы компания арасында жұмыс кеңесі өтті, оның барысында ҚХР СУАР "Қорғас" АЭА басшысы Сюй Синь Минь ҚХР-да карантиндік шаралардың алынып тасталғанын және туристер үшін шекараның ашылғанын хабарлады, сондай-ақ "Қорғас" ХШЫО-ның 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап штаттық режимдегі жұмысқа көшіру ниеті барларын жеткізген еді. 

Арадағы қысқа мерзімді ескере отырып, басқарушы компания техникалық жайттарды және ҚР мемлекеттік органдарымен келісу процестерін шешу үшін дайындық жұмыстарына белсене кірісіп кеткен болатын.


"Жоғары айтылғандарды алға тарта отырып, 2023 жылдың 8 қаңтарында орталықтың қазақстандық бөлігінің қызметін іске қосу мүмкін емес екенін хабарлаймыз. Басқарушы компания орталықтың қызметін қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатында барлық күш-жігерін салады". "Қорғас" АЭА БК" АҚ баспасөз қызметі

Қытайдың "Чун Цзе" мерекесін (көктем мерекесі), сондай-ақ Наурыз мерекесін тойлау кездерінде орталықтың жабылуына байланысты оның ресми ашылатын күні алдын ала қосымша жарияланатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз