Ақтүтек боранға байланысты еліміздің тас жолдарында құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда

Төтенше жағдай Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша тас жолдардың жабылуы және жүргізіліп жатқан апаттық-құтқару жұмыстары бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар әлі де іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Атырау облысында Құрманғазы ауданында 1972 жылы туған ер адам жоғалып кетті. 2 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданында 1977 жылғы шопан, сондай-ақ қаңтар айының басында Ұлытау ауданында ер адам жоғалып кетті. Үш адам Қарсақпай ауылынан Бұрмаша қыстауына қарай шығып, сол күйі із-түссіз жоқ, құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты оларды әлі таба алмай жатыр. Жоғалған адамдарды іздеу үшін қосымша тікұшақтар да тартылды.

Құзырлы ведомство мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (ақтүтек боран, айналаның нашар көрінуі, көктайғақ) тас жолдардың 79 учаскесі жабылды, оның 32-сі республикалық маңызға ие. 

Жолдарда ТЖ жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осыған ұқсас штабтар өңірлерде (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар және Жетісу облыстарында) жұмыс істейді. Блок-бекеттерде 1000 бірліктен астам автокөлік құралдары жиналды.


"Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 725 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала, 124 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.Халықты эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ эвакуациялау үшін 200 бірлік техника дайын тұр.Уақытша жылыту пункттерінде 200-ден астам адам, оның ішінде 16 бала бар.*Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама, сондай-ақ "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы 114 хабарлама жіберілді.Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4163 адам және 1343 бірлік ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.Республикалық жедел-құтқару жасағының және Алматы облысы ТЖД күштерімен Түрген шатқалынан 37 көлік эвакуациялануда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз