Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Президент Әкімшілігіне қызметке орналасты

Асат Нұрпеисов жаңа қызметке тағайындалды Сурет:gov.kz
2023 жылғы 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Асат Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Асат Нұрпейісов 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. 2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін, халықаралық банк ісі және қаржы магистрі MSc Global Banking and Finance мамандығын бітірді.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

2012-2015 жж KPMG Tax and Advisory басқару кеңесінде жұмыс істеді.

2015-2016 жж – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2016-2017 жж - «Бәйтерек» НҰХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

2018-2019 жж - бас инспектор, басшының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобаларды басқару орталығының басшысы міндетін атқарушы.

2019-2022 жж - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының аппарат басшысы.

2022 жылдың 16 ақпанынан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз