Бас прокурор қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде кесілген бастар туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

Қаңтар қақтығысына қатысы бар адамдар жайында ақпарат шықты Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы митингілер кезінде халықтың басын кесіп тастады деген қауесет туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Берік Асылов қаңтардың 4-5-і аралығында қаңтар оқиғасы басталған кезде көптеген дереккөздерден түрлі ақпарат, соның ішінде жалған ақпарат түскенін айтты.

Бас Прокурор атап өткендей, сегіз қалада қақтығыстар болды, әртүрлі дереккөздерден хабарлар, соның ішінде дұрыс емес ақпарат келіп түсті.

"Кесілген адамдардың бастары жайындағы ақпарат тексерілді. Бірақ ондай дерек те, дәлел де таппадық". Берік Асылов

Бұған дейін Бас прокурор Мәжіліс алаңында елдегі қаңтар оқиғасының ықтимал ұйымдастырушысын атаған болатын.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз