Абай облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған ауылдан жүкті әйелді алып шықты

Төтенше жағдай Сурет: Zakon.kz
Абай облысында қар құрсауында қалып кеткен шалғай ауылдан жүкті әйел құтқарушылардың көмегімен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы тәулікте адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр.

Мәселен, 5 қаңтарда таңертен "112" жедел байланыс желісіне Аягөз қаласы аудандық ауруханасының бас дәрігерінен қоңырау келіп түскен. Ол Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің Шынқожа ауылынан жүкті әйелді Аягөз аудандық ауруханасына жедел жеткізуді өтінген.

Шақырту келіп түскен орынға №13 өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар - бір Нива Марш техникасы және жеке құрамнан 2 адам аттанды. Оқиға орнына келгеннен кейін жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар жүкті әйелді Аягөз қаласының перзентханасына жеткізді.

Жедел келіп түсіп жатқан хабарға сәйкес, сағат 19:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы 25 тас жол жабық күйінде қалып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз