Ұлытау өңірінде жоғалған 3 адам табылды

Көлік, Ұлытау облысы, қар, құтқарушылар, ҚР ТЖМ Сурет: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ұлытау облысында жоғалған 3 адам қыстау маңынан табылды. Облысытық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, олар мінген көлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 4 қаңтар күні үш адам көлікпен Бұрмаш қыстауына қарай кетіп, қайта  байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түскен. Олар қыстауға 2 қаңтар күні Қарсақпай кентінен шыққан.

"Адамдарды іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.Табылған адамдардың айтуынша, олар шыққан көлік 12 км қашықтықтағы Бұрмаш қыстауының жанында қар құрсауында қалып қойған". Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ төтеншеліктер табылған адамдардың бәрі дін аман екенін, ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпегенін хабарлады.


Облыс аумағында жоғалған екі адам әлі іздестіріліп жатыр. 

Ұлытау облысының  ТЖ департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін ескертті.

Дауыл туралы ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйден шықпаңыз.

Осыған байланысты, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мынандай маңызды ережелерді сақтау қажет:

  • көлікпен жолға шықпас бұрын ауа райына және дауылды ескертулерге назар аудару керек;
  • жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыру қажет, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы керек.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда, құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.       

6 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында жолда қалған 12 ресейлік құтқарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз