Смайылов "үштік газ одағы" құру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты

"Үштік газ одағы", ҚР премьер-министрі Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 11 қаңтарда үкімет кулуарында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей және Өзбекстанмен "Үштік газ одағын құру туралы келісім бар ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанға газ одағын құру туралы ресми ұсыныстар түскен жоқ.

"Әзірге "үштік газ одағын" құру туралы ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ. Ұсыныс түссе, біз оны қараймыз. Бірақ қазір Ресей Федерациясымен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келіссөздер жүргізіліп жатыр", –  деп жауап берді Әлихан Смайылов тілші сұрағына.

Министрлер кабинетінің басшысы қазір үкімет "Газпроммен" жақын арада болатын келіссөздердің келесі раундын күтіп отырғанын айтты.

"Бұл қарым-қатынастардың барлығы коммерциялық және өзара тиімді шарттар негізінде құрылады". Әлихан Смайылов

Ол барлық жұмыстар екіжақты форматта жалғасатынын атап өтті.

2022 жылғы 29 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қазақстан мен Ресей басшылары Кремльде өткен кездесуде Өзбекстанның қатысуымен "үштік газ одағын" құру мәселесін талқылағанын хабарлады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз