Еліміздің оңтүстігінде аяз күшейеді

Қазақстан, аяз, ауа райы болжамы Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер республика бойынша 2023 жылдың 12-14 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сүйенсек, оңтүстікте аяз күшейіп, солтүстікте керісінше, аяздың беті қайта бастайды.

"Суық арктикалық антициклон траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы болжанады, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі"."Қазгидромет" РМК 

Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Ауа температурасы:
  • еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін;
  • солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін;
  • республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін;
  • орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін;
  • еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді:
"Оңтүстікте температураның негізгі фоны 22-31 аяз, оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін төмендейді"."Қазгидромет" РМК 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз