Еуропа елдерінде дәрі-дәрмек тапшы

Еуропада дәрі жоқ Сурет: pixabay
Еуропа дәрі-дәрмек дағдарысына тап болды. Қарт құрлықтың бірнеше мемлекетінде антибиотик, балалардың ыстығы көтерілгенде беретін сироптар мен рак ауруларын емдеуге қажетті препараттар тапшы.

Мамандардың пайымынша, дәрінің жетіспеуіне шикізат пен электроэнергияның қымбаттауы себеп. Сондай-ақ Еуропаның фармацевтикалық компаниялары жұмыс күші арзан болған соң зауыттарын Қытай мен Үндістанға көшірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Геосаяси ахуал ушыққалы препараттарды Азиядан тасымалдау қиынға соққан.

Тұмау күшейгелі отбасымызбен ауырып жатырмыз. Дәріханадан парацетамол мен ибупрофен сұрап едім, Еуропа бойынша жоқ. Қашан түсетіні белгісіз дейді. Дамыған елдерде дәрі тапшы деген сұмдық қой. Мари ван Дерм, Брюссель қаласының тұрғыны

Антибиотик, басқа да дәрілер ауруханаларда да жоқ. Жағдай өте қиын. Қазіргідей қымбатшылық кезде фармкомпанияларға дәрі шығару тиімсіз. Себебі заңда оларға препарат бағасын көтеруге тыйым салынған. Сол мораторийді алып тастағанда ғана проблема шешілуі мүмкін, деді фармацевт Мишель Фреминер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз