Түркістан облысының құтқарушылары жолда қалған жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

Түркістан облысының құтқарушылары жүкті әйелді дер кезінде ауруханаға жеткізді Сурет: видео скрині
2023 жылғы 13 қаңтарда Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Жарықбас ауылында бір жүкті әйел мен екі науқас адам аудандандық ауруханаға жолдың қар басып қалуына байланысты жете алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, авариялық-құтқару жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 бірлік трэкол жол талғамайтын көлігі дер кезінде жетіп, жүкті әйел мен екі науқасты аудандық ауруханаға жеткізді. 

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райын бақылап отыруды ескертті.

"Дауылды ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қандай да бір төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз