Алматы облысында оқушы қыз өзіне қол жұмсады

Алматы облысындағы оқушы өзіне қол салды Сурет: pixabay
Алматы облысында жетінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағанын құқық қорғаушы Дина Таңсари Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 2023 жылдың 16 қаңтарында облыстық полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ведомстводағылар жедел жәрдем бригадасынан кәмелетке толмаған 2009 ж тұрғынның өз-өзіне қол жұмсағаны жайындағы арыз 12 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен.

Сондай-ақ, облыстық полиция 6 қаңтарда да кәмелетке толмаған басқа оқушының, өз-өзіне қол жұмсаған фактісі тіркелгенің айтқан. Жасөспірім өз үйінде асылып қалған.

"Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Қарасай ауданы ІІД ТҚКБ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, СМС тағайындалды. (сот-медициналық сараптама. – Ескерту ред.)" Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Басқа ақпарат, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз