Украинаның Днепр қаласында зымырандық шабуылдан 30 адам қаза тапты

Соғыс кезінде, қаланы талқандады Сурет: pixabay
Украинаның Днепр қаласында Ресейдің ракеталық шабуылынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы 73 тұрғын ауруханаға түскен. Олардың 12-сінің халі мүшкіл. Бұған қоса, 30-40 адам үйінді астында қалып қойды. Оларды құтқаруға деген үміт өшіп барады.

Жалпы алғанда, сенбі күні Ресей бұл мемлекет аумағына 38 зымыран жіберген. Украина әуе қорғанысы күштері солардың 25-ін атып түсіргенін хабарлап отыр. Дегенмен, алты аймақта энергетикалық нысандар зақымданған, деп хабарлайды qazaqstan.kz.

Ресей қазан айынан бері Украинаға ракеталармен, дрондармен қайта-қайта соққы беріп келеді. Соның салдарынан миллиондаған адам жарықсыз, сусыз, жылусыз қалып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз