Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданы тұрғындарының неліктен газсыз қалғаны белгілі болды

Алматыда шағын аудан газсыз қалды Сурет: pixabay
Алматы әкімдігі «Қайрат» шағын ауданындағы газдың тоқтатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының әкімдігі таратқан ақпаратқа сай, ЖКО салдарынан істен шыққан «Қайрат» шағын ауданындағы «Баймақ» ЖШС жеке газ желілерінің зақымдануы бойынша жөндеу мәселесі жедел шешілуде. Кеше сағат 13:30-да жүк көлігінің жүргізушісі орташа қысымды газ магистраліне соқтығысып, апат салдарынан шағын ауданның бірқатар үйлеріне газ беру тоқтатылған болатын.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары 3 сағаттан астам уақытқа созылды, содан соң желілерді іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды. Алайда жөндеу бригадалары газбен тұрақты жабдықтауды толық көлемде қамтамасыз ете алмады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді әрі үйлерді аралап шықты. 1: 30-да 135 абонент газбен қамтамасыз етілді.

Қалған 52 абонент бойынша желілерде газ құбырларының бітелуі анықталды, оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет болды (қауіпсіздік техникасына сәйкес түнгі уақытта дәнекерлеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілмейді). Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шағын аудан тұрғындарына апатты қалпына келтіру жұмыстары бүгін күндізгі уақытта да жалғасатыны туралы түсініктемелер берілді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз