Медеу шатқалында Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды

Медеу шатқалында альпинистің мүсіні ашылды Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Медеу шатқалында көрнекті қазақстандық альпинист Анатолий Букреев мүсінінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты рәсімге Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, мүсінші Нұрлан Далбай, альпинизмнен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, тәлімгер және Букреевтің досы Ерванд Ильинский, журналист және аты аңызға айналған альпинистің күнделіктеріне негізделген Букреев туралы «Над облаками» кітабының авторы Галина Муленкова және тағы басқалар қатысты.

Мүсіннің авторы – Нұрлан Далбай. Ол Анатолий Букреевті құзға шығар алдында сәл демалып тұрған кейпінде бейнелеген. Альпинистің қолы мұз шапқышқа тиіп тұр. Мүсін Нұрлан Смағұлов қорының бастамасымен және қолдауымен орнатылды.

Бұл Нұрлан Смағұлов Қоры қала тұрғындарына берген үшінші мүсіні. Меценаттың жоспары бойынша, қаламызда көрнекті алматылықтар мүсіндерінің сериясы пайда болуы тиіс.

Шәкен Аймановтың алғашқы мүсіні 2019 жылы «Алматы» қонақүйінің жанына орнатылған болатын. Бұл – сол кездегі шығармашылық зиялы қауым жиналып, «Тақиялы періште» киносы түсірілген жер. Герольд Бельгердің екінші мүсіні 2021 жылы ашылды, ол Герольд Карлович соңғы жылдары тұрған үйдің жанында орналасқан. Қола орындық мэтр демалып отыруды ұнататын орындықты алмастырды. Қазіргі уақытта «сүйікті дәрігеріміз» Юрий Померанцевтің мүсіні дайындалуда. Мүсін биыл Ю.М. Лермонтов атындағы театрдың жанына орнатылады.

2023 жылдың 16 қаңтарында Букреев 65 жасқа толар еді. Анатолий Николаевич – биік таудағы альпинист, еңбек сіңірген спорт шебері,«Қар барысы» атағының иегері, сегіз мыңдық планетаның 14 тауының 11-ін және төрт рет Эвересті бағындырған.  Оның Эверестке көтерілуінің бірі Балтазар Кормакурдың «Эверест» голливудтық фильмінің негізі болды. Анатолий Букреев – «Ерлігі үшін» орденінің иегері (1989), өз өміріне қауіп төне тұрса да, тауда адамдарды құтқарған альпинистерге берілетін американдық альпинизм клубының ең жоғары наградасы — Дэвид Соулс медалінің иегері (1997), қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» қазақстандық медалімен марапатталды (1998).

 

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз