Қазақстан қай елдермен арада жаңа әуе рейстерін ашады

Әуе тасымалы Сурет: Zakon.kz
18 қаңтарда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқалы отырысында азаматтық авиация мен әуежайлар желісін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмас Ыдырысовтың айтуынша, азаматтық авиация саласында жолаушылар ағыны қалпына келтіріліп, ол тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 

Оның айтуынша, 109 бағдар бойынша 29 елге халықаралық әуе рейстері қалпына келтіріліп, ашылды. Аптасына 479 рейс жасалады. Ұшуларды 3 отандық және Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Мысыр, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдива, Таиланд, Әзербайжан, Қатар, Кувейт, Сауд Аравиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Греция, Италия, Қытай және Сейшель сынды елдердің 27 шетелдік әуе компаниясы жүзеге асырады.

"Черногория, Малайзия, Грекияға әуе рейстерін жаңғырту, Қытай, Үндістан, Өзбекстанмен рейстер жиілігін арттыру және Израильге, Қатарға, Түркияға, Пәкістанға, Әзербайжанға, Тәжікстанға, Сауд Арабиясына рейстер ашу жоспарланып отыр". Алмас Ыдырысов

Сондай-ақ, оның айтуынша, әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін парк 51 ұшақпен толықтырылады. Оның 14-і өткен жылы елімізге жеткізілді.

Сондай-ақ әуежайларды жаңғырту шеңберінде мынандай жоспарлар бар:

- 8 жобаны іске асыру, оның ішінде Шымкент, Алматы, Қызылорда қалаларында үш жаңа жолаушылар терминалын салу;

- Қостанай, Үржар, Балқаш қалаларының әуежайларындағы терминалдарды қайта жаңғырту;

- Астана және Павлодар қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарын күрделі жөндеуден өткізу.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз