Алматыда №115 автобустың жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді

Жолаушылар тасымалы Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық мобильділік басқарамасы 19 қаңтардан бастап № 115 маршрут екі бағытқа бөлінетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді № 115 маршрут Теректі ықшам ауданынан Арай - Қожабеков - Ақсай - Райымбек - Момышұлы көшелері - Зерілді ықшам ауданына еніп, кейін Момышұлы көшесіне қайта шығып, Ақын Сара көшесінен бұрылып, кері бағытта қатынайтын болады.

Ал №115А маршруты №7 қалалық ауруханадан  Райымбек даңғылы - Момышұлы - Рысқұлов, одан әрі Емцов көшесіне дейін барып, кейін кері қарай бұрылады да Сағи Әшімов көшесіне шығады. Әрі қарай Бенберин - Строительная - Күлтегін - Жанқожа батыр көшесі - Үлкен Алматы арнасы. ҮАА-дан кері қарай бұрылып кестедегі сызбасы бойынша қатынайтын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз