Кентау тұрғынынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіленді

Қару жарақ тәркіленді Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері көлік жөндеу орталығының жұмысшысынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері жұмыс орнында атыс қарулары, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар сақтаған тұрғынды анықтады.


Нақтырақ айтсам, полицейлермен жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласындағы көлік жөндеу орнында жұмыс істейтін жергілікті тұрғын анықталды. Ер адамнан Лидер ТТ травматикалық тапанша мен бес патрон табылды. Әрі қарай тінту шаралары оның жұмыс орнында, яғни көлік жөндеу орталығында жүргізілді. Жедел уәкілдер 12 калибрлі тегіс ұңғылы екі аңшы мылтығын, әрқайсысының салмағы 0,5 келі болатын 3 пакет түтінді ұнтақ, Байкал-Күзетші травматикалық тапаншасы, бір граната, 35 оқ-дәрі мен бір жарылыс қорапша тәркіленді. Осылайша жедел уәкілдер қарумен жасалатын қылмыстарға тосқауыл қою, заңсыз қару-жарақ сақтау дерегінің жолын кесуде кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары кентаулық тұрғын осыншама қару-жарақты не мақсатпен сақтап жүргені анықтап жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз