Жаңадан тағайындалған экология министрін оқушылардың сұрағы таңдандырды

Экология министрі оқушылармен кездесті Сурет: Экология министрлігінің баспасөз қызметі
Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы халықаралық мектептің оқушыларымен кездесті. 7-11-сынып оқушылары министрге қоршаған ортаға қатысты сауалдарын қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, оқушылар министрге ауаның ластануы, өзен-сулардың тартылуы, қоқысты сұрыптауға қатысты өзекті сұрақтарды қойған.

Министрдің өзі "Тіпті сауалдарды балалар емес, құдды үкіметтік емес ұйым мүшелері қойғандай әсерде қалдым" дейді.

"Көмірден алынатын энергия және атом энергиясы, менің ойымша, өте қызық сұрақ болды. Шыны керек, әжептәуір күрделі болды деп ойлаймын. Негізінен оларды осындай терең және күрделі сұрақтардың алаңдатуы осы жастардың жалпы экология мәселелерімен өте қатты қызығатынын көрсетеді. Сол жағынан бүгін өте қуанышты болдым". ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз