Қазақстан шаңғышылары Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

шаңғы Сурет: pixabay
Шаңғы жарысынан Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада 3х5 шақырымдық эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәреге бірінші болып Финляндия спортшылары жетті. Екінші орынды Норвегия құрамасы иеленді. Қазақстандық Айша Рақышева, Ксения Шалыгина және Надежда Степашкина үшінші орын алды. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

Қазір Қазақстан құрамасында 3 алтын және 2 қола медаль бар, еліміз медаль есебі бойынша 8-орында тұр.

Жапония 18 алтын, 14 күміс және 5 қола медальмен көш бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Корея - 7 алтын, 5 күміс, 5 қола. Үшінші орында Полша тұр. Бұл ел Универсиаданың 4 алтынын, 5 күмісін, 6 қоласын иеленді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков және шаңғымен секіруден Данил Васильев чемпион атанған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз