Астанада 180 адам турникке тартылудан жарыспақшы

Турникке тартылу Cурет: instagram.com/daraqory
Астанада еліміздің 20 қаласында өткен турникке тартылудан сайыстың финалы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спорттық жарыс 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық өңіріндегі үздіктерді анықтады. Жарыста қатысушылар салмағы мен жас ерекшеліктеріне қарай тоғыз санат бойынша бақ сынады. Сонымен қатар жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өткен.

20 қаладан іріктелген 180 жеңімпаз гранд финалға өтті. Финалдың өзі Астанада 18 ақпанда болады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. 1-орын иегері 3 000 000 теңге, 2-орын иегері 2 000 000 теңге, 3-орын иегері 1 000 000 теңге алады. 

Жоба жетекшісі – жаттықтырушы және актер, street workout-тан Қазақстан және әлем бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі Айтым Жақупов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз