Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер жаңа әдіспен сатып алынады

Азық-түлікті сатып алу басқаша жүргізіледі Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министр Ербол Қарашүкеев биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу жаңа әдіспен қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізудің форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Ол үш кезеңде жүзеге асырылады.

"Бірінші кезеңге күзгі және ерте көкөністерді форвардтық сатып алу, нәтижесінде алынған көкөністерді маусымаралық кезеңде нарыққа жеткізу кіреді. Бұл көкөністер бағасының ең жоғары өсуі қыстың соңында байқалатынына байланысты. Көкөніс шаруашылығын қаржыландыру жыл бұрын себуді уақытылы жүргізу үшін: келесі жылдың ерте өнімінің көкөніс өнімдерін өндіру үшін 1 тамызға дейін, күзгі көкөніс өнімдерін өндіру бойынша 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.Ербол Қарашүкеев

Оның айтуынша, екінші кезең, шикізатты сатып алу үшін өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын қаржыландыруды қарастырады. Бүгінде қант зауыттарының айналым қаражатын қаржыландыру қазірдің өзінде Сауда министрлігі, облыстар мен қант зауыттары арасындағы меморандум аясында жүзеге асып жатыр.

Қарақұмық, күріш және күнбағыс өндірушілерді өңдеуші кәсіпорындар арқылы форвардтық қаржыландыру мәселесі де пысықталып жатыр. Оны жүзеге асыру 2023 жылдың наурызынан бастап жоспарланып отыр.

"Үшінші кезең – мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы қаржыландыру және арзандатылған астық – макарон, нан, сүт және сүт өнімдерін, сиыр еті, құс етін және жұмыртқаны өткізу. Іске асыру 2023 жылдың маусым айынан бастап жоспарланып отыр".Ербол Қарашүкеев

Сонымен қатар ол шағын несие беріп, ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыру жобасы қолға алынғанын қосты. Жеті жылда бұл мақсаттарға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Ол бір миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтып, барлық шаруашылық қожалығының жартысын кооперативтік кәсіпке тарта отырып, 350 мыңнан астам жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

2023 жылы жобаны жүзеге асыру үшін әкімдіктерге 52,4 млрд теңге бөлініп, 11 мың шағын несие беру және 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Қазір облыс әкімдіктері республикалық бюджетті нақтылауға ұсынылатын бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттілік есептерін дайындап жатыр.

16 қаңтарда Ұлттық статистика бюросы бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құны 0,4%, жылдық мәнде 23,3% өскенін хабарлады.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз