Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының жартылай финалына өтті

Теннис, теннисші, Теннистен Аустралия чемпионаты Сурет: ktf.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина спорттық мансабында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол Аустралия ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей сынының жартылай финалында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық атанып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы осы жарыстардың 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко болды. Жерлесіміз бұл жекпе-жекті сенімді бастап, брейк жасап, бірінші сетті жеңіспен аяқтады – 6:2.  Матч кенеттен жауған жаңбыр салдарынан тоқтап қалғандықтан, ұйымдастырушылар Род Лейвер аренасындағы шатырды жабуға мәжбүр болды.

Екінші ойынды Остапенко брейкпен бастап, 2:0 есебімен алға шықты. Бірақ, Рыбакина тез жинақталып, қатарынан 4 ойында жеңіске жетті. Ол 6:2, 6:4 есебімен латыш теннисшісіне мүмкіндік бермеді.

Осылайша, Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында алғаш рет жартылай финалға жолдама алды. Бұл – ел спорты тарихындағы жарқын жетістіктердің бірі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз