Елордада жазасын өтеушіге шай қалташаларына есірткіні жасырып бермек болған

Елордада жазасын өтеушіге шай қалташаларына есірткіні жасырып бермек болған Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі
Елорданың 30 жастағы тұрғыны шай қалташаларына 7,66 грамм есірткі заттарын Елорданың қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің № 2 ерекше тәртіптегі мекемесіне кіргізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада шай қалташаларына есірткіні асыра айламен жасырып, жазасын өтеушіге кіргізбек болған азамат ұсталды 

Алайда, мекеме қызметкерлерінің қыралығының және жедел әрекет етуінің арқасында есірткі затының мекеме аумағына кіргізілуінің алды алынды. 

Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, оған сәлемдемені бұрын танымайтын адам түрмеге апарып беруін өтінген. Пакет ішінде азық түлік болғандықтан келіскен азамат, шай ішіннен табылған есірткі заттарының болғанын білмедім дейді, алайда бұл әрекеті оны жауапкершіліктен босатпайды, елорда тұрғынына осы құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген жаза қолданылады.  

"Белгілі бір адамдар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне сәлемдеме беру туралы өтініш білдірген азаматтар мұқият болуы керек, бейтаныс адамдарға сенбеуі керек, өйткені сәлемдемеде сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттар, бұйымдар және т. б. бар екенін білмеу оларды жауапкершіліктен босатпайды", - деп атап өтті Астана қаласының ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Дәулет Рахымбеков.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз