Алматыдағы электр желілерінің 60%-дан астамы тозған

Электр желілері Сурет: pixabay
Алматының энергетика және сумен қамту басқармасының бөлім басшысы Нұрбақыт Серікбай қаладағы электр, жылу, сумен қамту және кәріз желілерінің тозуы қай деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматыда табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі қорлары мен желілерінің айтарлықтай тозғаны байқалады. Сумен жабдықтау және су бұру салаларында 50%-дан астам, жылу және электр энергиясымен жабдықтау салаларында 60%-дан астам", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Нұрбақыт Серікбайдың сөзінше, қандай да бір апат тіркелген жоқ, дегенмен жабдықтың тозуы салдарынан 2015 жылдан бастап жылу энергетикасы саласында қондырғылардың істен шығуы (I және II дәрежелі ақаулар) байқалады. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз