Алматыда сауда үйлерінен киім ұрлауды әдетке айналдырған жігіт ұсталды

Ұрлық Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының тұрғыны сауда орталықтарынан біраз уақытқа дейін киім ұрлап жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2002 жылы туған О. есімді азамат сәнді және онымен байланысты барлық нәрсені бағалайтын адам болып шықты. Қалалық полиция депаратаментінің мәліметінше, тергеудің осы кезеңінде оның бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бары анықталған.


"Жас жігіттің сатып алушының атын жамылып, сауда орындарына барып, өзіне киім таңдағаны белгілі болды. Сатушының көңілі басқа жаққа ауған сәтте ол заттарды ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдіктінің жеке басын қаланың басқа жерлерінде жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз. Осы мақсатта жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр". Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз