Шымкент аумағындағы су тасу қаупі бар аймақтар анықталды

Су басу қаупі бар ма Сурет: ҚР ТЖМ
Шымкент аумағындағы өзен жағалауларының 22 шақырым жерінде су тасу қауіпі бар. Бұл аумақта 21 ғимарат орналасқан, деп хабрлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, 100-ге жуық адам өмір сүреді. Бұл жәйт Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймасы мен 4 ірі өзен бойын әуеден шолу кезінде анықталды.

Сондай-ақ тағы бірнеше тұрғын алабта су тасу ықтымалдығы жоғары екені белгілі болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қауіптің алдын алу үшін құзырлы мекемелерге су арналарын қоқыстан тазарту және мұзды жаруы ісі жүктелді.

Әсіресе Бадам өзенінің жағалауын бекітуге баса назар аударылды.


"Жол картасы» бойынша 9 шақырымға жағалауды нығайту және арналарды түзету жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең кезеңімен жоспарға қойылған." Ирисмат Махмудов, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз