Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елдегі цифрландыру үдерісін дамытуға ниетті

Форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 21:06 Сурет: Investors choice
Инвесторлар тарапынан заманауи технологияларды дамыту басымдықтары Digital Almaty V Халықаралық цифрлық форумы шеңберінде, "Investors' Choice: цифрландыру Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын қалай арттыра алады" панельді сессиясында талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар елдегі цифрландыру үдерісін дамытуға ниетті. Бұл жайлы биылғы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-отырысында талқыланатын болады.

Сессия модераторы, KPMG Caucasus және Central Asia басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев пікірталасты ашты. Ол тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 370 млрд доллар инвестиция салынғанын атап өтті. Бірақ бұл соманың көп бөлігі өндіруші секторларға берілді. Десе де қазір даму векторы өзгеруде.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов қазіргі әлемде кез келген саланы цифрландырусыз елестету мүмкін емесін айтты. Ал технологиялық процестер, өз кезегінде, барлық елдің үкімет жоспарына түзетулер енгізіп жатыр. 

Қазақстан Үкіметі цифрландыру трендін бұрыннан қолға алған. Қазір ЦДИАӨМ уәкілетті орган ретінде осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. 

"Біз Қазақстанға келген инвесторлардың өздерін жайлы сезінуі үшін қалыпты заңнамалық база жасау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл өте маңызды, себебі цифрландыру заңнамалық тұрғыдан да күшейтілуі тиіс", - деп түсіндірді Тұрысов.

Сонымен қатар, ол секторлардың инвестициялық тартымдылығын құра отырып, Үкімет дәстүрлі, жалпы қабылданған талаптарды ғана емес, оның ішінде салық саясатының тұрақтылығын, заңнаманың үстемдігін ескеретінін және адам капиталын дамытуға ерекше назар аударылатынын атап өтті. 

"Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры Жанна Байдашева инвесторлар қандай да бір елге инвестиция салу туралы шешім қабылдағанда,  әрқашан бірнеше факторға, яғни заң үстемдігіне, салық заңнамасына, салық жүйесіне, адамдардың әлеуетіне және технологиялық факторларға қарайтынын растады. 

"Қазақстанды бизнес жүргізу көпірі көретін инвесторлар айтқандай, Қазақстанда цифрландыру деңгейі қазір өте жақсы. Біз өңір бойынша біріншіміз. Әрі қарай, әрине, бизнеспен бірлесе цифрлық күн тәртібін дамытуды жоспарлап отырмыз", - деді Жанна Байдашева.

Байдашева "Шетелдік инвесторлар кеңесінің" жұмыс тобы шеңберінде цифрландыру жеке бағыт ретінде қарастырылатынын және топ қатысушылары жаңа ұсыныстар енгізуге қуанышты боларын айтты. 

"Жұмыс тобы барлық инвесторлар мен бизнес және мемлекеттік секторлар үшін ашық. Біз әрқашан әріптес болуға, жаңа бастамалар мен идеяларға ашықпыз", - деді ол.

Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин инвесторлар үшін "барлық үздік әлемдік тәжірибе оның саласында іске асатынына сенімді болуға" мүмкіндік беретін салалық бағытты реттеу аса маңызды екеніне назар аудартты.

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді.

Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

Демеушілер: Freedom Holding Corporation, CITIX, Jusan Bank, Bereke Bank, Kcell, Eurasian Resources Group/Business & Technology Services, AppStream, Tele2/ALTEL, Halyk Bank, Kazakhtelecom, ALSI Integrations, Dell Technologies, Nurbank, VK Cloud. 

Ақпараттық серіктестер: Kapital.kz, Kursiv.media, LSM.kz, NUR.kz, STEPPE, Zakon.kz, CITIX, HeadHunter.kz, Sxodim.com, Qamalladin Media, The Astana Times, WEproject.media, DigitalBusiness.kz, BlueScreen.kz, THE TECH, Limon.kg, Manas.news, DKNews.kz, Armenpress, MyBusiness.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: