ШҚО-ның экс-шендісі қаладағы төрт, "Бұқтырма" жағалауындағы үш жер учаскесінен айырылды

Заңсыз актив Сурет: freepik
Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары пайдаланылмаған және бұзушылықпен берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тәркіленген жер телімдері кейін шынымен мұқтаж азаматтар мен кәсіпкерлерге ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2022 жылы прокурорлық қадағалау актілері негізінде кадастрлық құны 5,5 млрд теңге болатын, ауданы 36,9 мың гектарды құрайтын 533 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті. Мысалы, облыстың экс-шенеуніктерінің біріне бұрын тиесілі болған Өскемен қаласындағы 4 учаске, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы 3 учаске 10 жыл бойы пайдаланылмаған. Аталған жерлер қабылданған шаралармен мемлекет меншігіне өтті. Жердің нарықтық құны 4,8 млрд теңгені құрады".Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Құзырлы ведомство мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғастығын табуда. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз