"Пайызсыз несие". Құзырлы ведомство желідегі жарнама алаяқтық екенін ескертеді

Алаяқтық Сурет: pexels
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиені лицензиясы бар кредиттік ұйымдар ғана бере алатынын еске салады. Сондай-ақ құзырлы ведомство желіде "пайызсыз несие" ұсынып жүрген компаниялар - алаяқтықтың жаңа бір түрі екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ретте бір мысалға толықтай тоқталып өтеді.

"Телеграм арнасындағы жалған компаниялардың бірі қолданатын алдау схемасынан мысал келтірейік. Ол жеке инвесторлар беретін "пайызсыз" несиелер туралы жарнаманы орналастырады, сондай-ақ 10 млн теңгеге дейінгі қарыздың 10 жыл мерзіміне берілетінін атап көрсетеді. Бұл ретте, олардың ақпаратына сәйкес, тіпті ол адамның ресми жұмысы болмайтын жағдайдың өзінде несие 18 жастан асқан барлық адамға беріледі. Тіпті алаяқтар олардың компаниясының қызметтерін пайдаланудың қауіпсіз екендігіне де кепілдік береді".

Пайдаланушы интернет арқылы арнаға қосылған уақытта алаяқтар өздерінің базасына оның профилінің деректерін автоматты түрде енгізеді және өзінің болашақ құрбанымен енді Telegram арқылы не Whats App желісінің көмегімен хат-хабар алмасуды жалғастырады, өйткені мұнда жойылып кететін хабарлар режимі болады. Сондай-ақ, жалған нөмірлер мен мемлекеттік тіркеу туралы жалған куәліктер қолданылады.


"Адамды "барлық жағынан тиімді" несие алуға көндіргеннен кейін, қаскүнемдер оған өтінімді толтыру қажет сайтқа сілтеме жібереді, сондай-ақ "риза болған клиенттер" мен "нақты адамдардың" пікірлерін-мыс олардың телеграмм-арнасында қарауды ұсынады. Неғұрлым сенімдірек болу үшін алаяқтар өздерінің Telegram парақшасында қарыз алушының жеке куәлігін көрсете отырып, қарызды ресімдеу процесіне бейнежазба орналастырады".

 

Содан кейін алаяқтар құрбанына өтінім мақұлданғанын және көлемі 30 000 теңгеден басталатын несиені рәсімдеу үшін комиссия төлеу қажет екенін хабарлайды. Кредитті рәсімдеу рәсімін аяқтау үшін қарыз алушы қосымша тіркеуден өтіп, тағы бірнеше қызмет үшін ақы төлеуі керек: ақшаны автоматты түрде аудару, шотты іске қосу, банк ұяшығын жалға алу.

Сонымен қатар, алаяқтар оларды анықтау мүмкіндігі болмауы үшін үшінші тұлғаның картасына аударуды сұрайды. Құрбан болған адам барлық төлемдерді жасағаннан кейін, қаскүнемдер "ақша аударуға" уақыт сұрайды. Бірақ алданған қарыз алушымен болашақта өзара әрекеттесу толығымен тоқтатылады.

"Маңызды! Егер сіз осындай алаяқтық схемалардың қатысушысы болсаңыз және қаскүнемдердің әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, онда сіз дереу тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөлімшесіне және банкке өз шоттарыңыз бен карточкаларыңызды бұғаттау үшін хабарласуыңыз керек!", делінген fingramota.kz сайтында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз