Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде үкім шыққаннан кейін ауыр халдегі сотталғандарды ауруханаға жатқызуға рұқсат берілуі мүмкін

ҚР ІІМ, жаза, қылмыс, ем, ауыр халдегі сотталушы, түрме, адамдық, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 14:18 Сурет: Zakon.kz
Сенат сотталған адамның сырқаты ауыр болса, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта түрмедегі сотталған адам ауыр халде сырқаттанып қалса, соттың шешімімен жазасын кейінге қалдыруға мүмкіндігі бар. Осылайша ол азаматтық медициналық мекемеде ем алады. Сауығып кетсе, колонияға қайта оралады. Министр енді осы мүмкіндікті жазасын тағайындау барысында қолдануды ұсынып отырғанын атап өтті.

"Бүгінде бұл бар норма. Тек (енді – ред. ) жаза тағайындау кезінде жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылады. Бұрын бұл норма жаза тағайындау кезінде қолданылмайтын. Енді жаза тағайындау кезінде ескерілетін болады. Бұл нақты айыпталушыларға қатысты болады. Егер адам өлім аузында жатса, біз оны зембілмен түрмеге алып кетпейміз ғой, бұл норма мемлекет тарапынан адамдық әрекет болып саналады, сондықтан өлім аузында жатқан адам туыстарымен және достарымен бірге болады". Марат Ахметжанов

Министр аурухана адамды жазадан босатпайтынын баса айтты. Ол ауруханадан шыққан соң колонияға қайтады.

"Босатылмайды, емделуге жіберіледі. Емделген адам түрмеге қайтады. Ол мерзім (емделу кезіндегі – ред.) ескеріледі. Марат Ахметжанов

Оның мәліметінше, бес жыл ішінде колониядан 27 адам ауруханаға жіберілген. Олардың 25-і қаза тапты, екеуі жазасын өтеу үшін түрмеге оралған.

Сенат депутаттары Ішкі істер министрлігі ұсынған заң жобасын мақұлдады. Құжатта қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: