Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік маңызы бар жобаларға ұлттық қордан қанша қаржы бөлінеді

Әлеуметтік маңызы бар жобаларға ұлттық қордан қанша қаржы бөлінеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 10:50 Сурет: Zakon.kz
Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрінің вице-министрі Бауыржан Омарбеков 2023 жылға арналған бюджет параметрлерінің нақтыланған болжамын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр президенттің сайлауалды бағдарламасы мен қыркүйек айындағы Жолдауын қамтамасыз ету бойынша үкімет алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2023 жылға арналған бюджет параметрлерін нақтылады. Осыған сай 2023 жылы республикалық бюджеттің кірістері бекітілген жоспардан 720 млрд теңгеге өсе отырып, ЖІӨ-нің 12,1% немесе 14,6 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр.

"Республикалық бюджетке қосымша түсімдер кіріс базасын ұлғайту, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру бойынша үкімет қабылдап отырған шаралар есебінен қамтамасыз етіледі. Мысалы, биыл бюджет кірістерінің біржолғы түсімдер есебінен 316 млрд теңгеге, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен 404 млрд теңгеге ұлғаяды деп болжанды. Сонымен қатар ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 800 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт қосымша тартылады", - деді Бауыржан Омарбеков.

Сонымен қатар 2023 жылы бюджет тапшылығын 3,2 трлн теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 2,7% деңгейінде сақтау ұсынылады. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығысы бекітілген көлемнен 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, 22,5 трлн теңге болды.

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша 2023 жылы әлемдік экономиканың өсуі 1,7% бен 2,9% арасында болжанып отыр. 2023 жылға арналған Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасының консенсус-болжамы барреліне 87,3 доллар болды. Жыл басынан бері орташа баға барреліне 84 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Жедел деректер бойынша 2022 жылы ЖІӨ өсуі 3,2% болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: