ҚХП өкілі: Сең қозғалды. Саяси жүйені өзгертуге болады екен!

Дебат Сурет: видеодан алынды
"Хабар" арнасындағы саяси партиялар пікірталасында Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) мүшесі Оксана Әубәкірова бүгін - 16 наурызда Мемлекет басшысының халыққа Жолдау жолдағанына бір жыл болғанын еске салып, содан бері атқарылған саяси реформаларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚХП өкілі өз Жолдауында Президент саяси реформалар жоспарын жариялағанын ерекше атап өтті.

"Содан бері Конституциялық сот және адам құқықтарының қорғау жөніндегі өкіл пайда болды. Саяси партияларды тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа екі партия пайда болды. Партияда жоқ адамдарға сайлану бойынша конституциялық құқығы қайтарылды. Соның арқасында бүгіндері Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына бір мандаттық округтар бойынша 100 мыңдаған ел азаматтары өз кандидатурасын ұсынуға мүмкіндік алды. Алғашында осылай болатынына онша сеніңкіремеген едім. Бірақ сең қозғалды. Саяси жүйені өзгертуге болады екен". Оксана Әубәкірова

Оның айтуынша, Қазақстан халық партиясы (ҚХП) қорғансыз азаматтардың құқығын қорғайды. Атап айтқанда, көпбалалы аналардың, балалардың, жастардың, жас отбасылардың. Бұл - кеншілердің, металлургтардың партиясы. Біздің артымызда милиондаған жұмысшы адамдар тұр. 

"Жер бойынша Конституцияға өзгерістер енгізуге біздің партия ұйытқы болды. Халықпен, әйелдер қауымымен митингіге бірге шықтық. Еліміз бойынша ақысыз балалар үйірмесін ұйымдастыруға қатысушы Artsport жобасындағы заңсыздықтармен күрескен де осы Қазақстан Халық партиясы. Біз ауылды дамыту, қандастарды көшіру бағдарламасын әзірледік". Оксана Әубәкірова

Атқарған істерге осылайша тоқталған ҚХП өкілі ары қарай партия бағдарламасында ұсынылған пункттерге тоқталды. 

"Стратегиялық салаларды мемлекетке қайтаруды қалаймыз. Кәсіпкерлердің қуатты орта табы құрылса дейміз. Ол үшін Салық кодексіне өзгеріс енгізіп, микро және шағын бизнесті салықтан босатсақ па дейміз. Ел азаматтарынан банктер салған әділетсіз пайыздарды алып тастау керек. Адамдар несиеге артық ақша төлемеуі тиіс. ҚХП - халықтық социализмді қалыптастырады, көшпенділердің ұрпағы ретінде ұжымшылдық пен бостандық қағидасын ұстана келе, бейбітшілік пен тату-тәтті достық дәстүрін жалғастыру қажет деп санайды". Оксана Әубәкірова

Ол халық бейбіт саясаттың жемісін көруі керек, елдің билігі мен байлығы халыққа тиесілі деп санайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз