Жаңалықтар тізбегі
0

Бір мандатты округтер бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаттары белгілі болды

Сайлауға түскен депутаттар, мәслихат депутаттары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2023 17:18 Сурет: Zakon.kz
Өткен сайлаудың қорытындылары мен Алматы қаласының бір мандатты сайлау округтері бойынша дауыстарды санау туралы мәліметтерді аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері хабарлады.

Алматы қаласы бойынша ОСК төрайымы Әсел Қалықова тікелей эфирде мәслихаттағы депутаттық мандаттардың санын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қала мәслихатына әр партиядан қанша мандат берілгені белгілі болды. Мәслихаттағы көп орынға биліктегі «Аманат» партиясы ие болды – 12 орын. Екінші және үшінші орындарды «Республика» партиясы мен Қазақстан халық партиясы бөлісті. Олардан мәслихатқа үш депутат өтеді. «Байтақ» партиясы екі мандатпен төртінші орында, ал «Ақ жол» бір мандатқа ие болды.

Осылайша, «Аманат» партиясына 52 пайызға жуығы, «Республика» партиясы мен Қазақстан халық партиясына 13 пайыздан сәл астам дауыс берілді. Дауыстардың 5,23 пайызы «Ақ жол» партиясына, тағы 2,83 пайызы «Ауыл» партиясына берілді.

Өз кезегінде Алматы қаласы мәслихатына бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 21 адам өтті:

Әкім Тұрсынов

Дастан Жантелиев

Гүлжан Бекенова

Анна Башинская

Зәуреш Өмірбаева

Бақытбек Жұмабаев

Алтынай Көбеева

Тимур Елеусізов

Сергей Козлов

Болат Ибрагимұлы

Қайрат Бегалин

Мұхтар Зулеев

Ералы Сауранбаев

Еркінбек Рахышев

Мұрат Өтемісов

Қарашаш Жүзеева

Әміржан Нәбиев

Дулат Тастикеев

Зия Талғатов

Андрей Шин

Дулат Рамазанов

Алматыдағы сайлаушылардың жалпы саны – 1 202 078. Оның ішінде 302 270 адам дауыс берді. Пайдаланылмаған және бүлінген бюллетеньдер саны 911 091 дана.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. 20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады, оған сәйкес алты партия Мәжіліске өтті: «Аманат», «Ауыл», «Республика», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» және ОСДП.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: