Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны есірткі сатқаны үшін 11 жылға сотталды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 22:45 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен облыстың 29 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы жазда күдікті Telegram-дағы каналға тіркеліп, есірткі сатуды жоспарлаған. Ол мұны істеу үшін әлеуметік желіні қолданушысымен байланысып, Оралда есірткіні заңсыз өткізу туралы келісім жасасқан.

Қылмыстық ниетін орындау мақсатында өзінің "кураторынан" қосымша арқылы 100 мың теңге алып, пәтер жалдап, есірткіні буып-түюге және салмағын өлшеуге арналған электрон таразы, зип-пакеттер, түрлі түсті изолента мен скотч сатып алған.

Әрі қарай есірткі жасыру орындарының координаттарын алып, тыйым салынған заттарды жасырып кеткен. Содан кейін ол жалға алған пәтеріне оралған.

"Жедел іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері күдіктіні пәтерге жақын жерден ұстады. Ол өзімен бірге болған есірткі салынған пакетті лақтырып, жасырынбақ болған. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар синтетикалық есірткі "мефедрон" болып шықты. Салмағы шамамен бір келі болады". Polisia.kz

Сот есірткі сатушыны кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, биылғы екі айда полицейлер елімізде интернет арқылы есірткі таратумен айналысқан 77 адамды ұстады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: