Ақтөбеде қан-жоса болған отбасы: Дәрігерлер тірі қалған қыздың жағдайы жайлы мәлімет ұсынды

Қайғылы оқиға Сурет: pixabay
29 наурызда Ақтөбеде қаскөйлер үлкен ұлымен қоса анасын аяусыз өлтіріп кеткен. Ал, Құдай сақтап, аман қалған 13 жасар қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, қызға ота жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 


"Диагноз - мойынның алдыңғы және оң жағында сұғылған-кесік түріндегі бірнеше жарақат, мойын көктамырының зақымдануы, кеңірдектің және мойын бұлшықеттерінің зақымдануы. Жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер.

Бұған дейін полицияда аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын мәлімдеген болатын.

"Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтау және ұста үшін арнайы және жедел іс-шаралар жүргізілуде", - деді полициядағылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз