Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Адами капиталдың сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев: Адами капиталдың сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 12:01 Сурет: primeminister.kz
"Жайлы мектеп" жобасын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, ЖОО базасында академиялық шеберлік орталықтарын құруды жалғастыру қажет, деді Президент Мәжілістің жалпы отырысында, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Отандық ғылымды жан-жақты дамыту менің жеке бақылауымда болмақ. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын сапалы жаңа деңгейге шығару талап етіледі. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру қажет. Мұнда сандық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды. Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық саласын қамтуы, азаматтарымыздың өмірінің барлық саласына енуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша ырықтандыру қажет." Президент

Еліміздің алдында стратегиялық міндет тұр – аймақтық цифрлық хаб мәртебесін бекіту. Бұл бағытта табысты ілгерілеу үшін «цифрлық көшпенділердің» серпінді идеялары мен шығармашылық қуатын пайдалану қажет. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құру да маңызды. Ол экономикалық күйзелістерге және халықтың өзгеретін қажеттіліктеріне тез жауап беруі керек, деді президент. 


"Халықты әлеуметтік қорғаудың ең жақсы шарасы жаңа жұмыс орындарын құру, қайта даярлау және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болмақ. Сонымен қатар, азаматтарды өздеріне тиесілі әлеуметтік кепілдіктерден айыратын көлеңкелі жұмыспен қамтуды қысқарту басты маңызға ие. Белгіленген тәсілдер әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, барлығына тең мүмкіндіктер мемлекетін құруға ықпал етеді." Мемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: