Дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған тұрғынды аман алып қалды

жедел жәрдем Сурет: Zakon.kz
Петропавлда дәрігерлер жүрегі 18 минутқа тоқтаған адамды аман алып қалды. Тыныс демікпесімен ауыратын 54 жастағы әйел кенеттен тұншыққан, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметі жеткенше, науқастың жүрегі тоқтап қалған. Мамандар дефибрилляторды төрт мәрте қолданғанымен, ештеңе шықпаған.

Артынша қосымша дәрігерлерді шақыртып, біршама уақыттан соң әйелді тірілтіп алды. Арнайы құрылғымен тыныс алған науқас бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

"Біз келгенде науқас ес-түссіз болды, яғни қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс болмады. Біз соны байқап, бірден реанимациялық іс-шараға көшіп кеттік. Менде сәтсіз реанимация болған жоқ".Солтүстік Қазақстан облысы жедел жәрдем орталығының қызметкері Әлия Оразбаева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз