Жаңалықтар тізбегі
0

Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығындағы жөндеу жұмысы қашан аяқталатынын айтты

Риддер ЖЭО, ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Риддер жылу орталығындағы жөндеу жұмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 14:06 Сурет: Instagram/danial.akhmetov.official
23 мамыр күні ШҚО әкімі Даниал Ахметов жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде өңір басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Біз жақын арада Риддер жылу электр орталығын жөндеуді бастаймыз, бұл кешенді тәсіл – барлық алты қазандық агрегаттарын және жылу орталықтарын күрделі жөндеу болады. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек," – деп жазды Даниал Ахметов

Ол бұған ұажет қаржылық мүмкіндіктер бар екенін, жабдықтың бір бөлігі сатып алынғанын айта келе, Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін екенін атап өтті.


"Жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асады, тиісті талап арыздар берілді. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін". Даниал Ахметов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: