Трамп Кеннедиді өлтіру ісі бойынша құжаттарды құпиясыздандырмақ

Трамп Кеннедиді өлтіру ісі бойынща құжаттарды құпиясыздандырмақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 10:53 Сурет: : wikipedia
23 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп 35-ші президент Джон Кеннедиді өлтіру жайлы құжаттарды құпиясыздандыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қаңтарда Трамп өз инаугурациясы кезінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннеди мен Мартин Лютер Кингтің өлтірілуіне байланысты құжаттарды жариялайтынын хабарлаған болатын. 23 қаңтарда ол осы құжаттарды құпиясыздандыру туралы Жарлыққа қол қойды.

"Біз сондай-ақ көпшіліктің қызығушылығын тудыратын басқа мәселелерге қатысты құжаттарды жариялаймыз", – деп қосты жаңа президент.

АҚШ президенті бұл мәселелерде жұртшылық толық ашықтыққа лайық деп мәлімдеді.

Бұған дейін Трамптың Путинді Украинадағы соғысты доғаруға шақырғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: