Ердоған Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтты

Ердоған, Ресей, Украина, келіссөздері, ұйымдастыру , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 17:32 Сурет: akorda.kz
Түркия мен Ресей президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин жексенбі, 11 мамырда Украинамен арадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Anadolu агенттігі Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасына сілтеме жасай отырып, мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады.

"Түрік президенті Ресейдегі әріптесіне кезінде Ыстамбұлда тоқтатылған Ресей-Украина бейбіт келіссөздерін ары қарай жалғастыруға ниетті мәлімдемесін естіп, қуанып жатқанын жеткізді", – деп хабарлайды агенттік.

2025 жылдың 11 мамырына қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Киевке Бітімгершілік туралы тікелей келіссөздерді қайта бастауды және оны Ыстамбұлда өткізуді ұсынды. 11 мамырда түстен кейін Украина басшысы Владимир Зеленский Путиннің келіссөздер туралы ұсынысына қатысты жауап берді. Ол бұл жаңалықты жақсылыққа балап, алдан не күтетінін айтты. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: