Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті

Қазақстан футбол федерациясы ребрендинг жүргізді.

Фото: 6 Қараша 2017, , 12:54
Қазақстан футбол федерациясы ребрендинг жүргізгенін жариялады – бұл шешім Астанада 12 қазанда өткен федерацияның XV Конференциясы кезінде қабылданды, - деп хабарлайды Sputniknews.kz. Қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті.
"Логотиптегі федерацияның толық атауы KFF болып қысқартылып, енді халықаралық деңгейде қолдануға ыңғайлы әрі ықшам кейіпке енді", — делінген федерация хабарламасында.
Логотиптің түсі мен негізгі элементтері сақталған: қыран (егемендік нышаны), доп (футбол) және күн (жарқын болашаққа сенім белгісі). 2017 жылдың соңына дейін жаңа үлгіге біртіндеп ауысу жүзеге асырылады. Фото: Sputniknews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ