Қазақфильмнің 600-ден астам картинасын онлайн-кинотеатрда көруге болады

Киностудия архивіндегі 645 фильмді жұртшылық назарына ұсынатын болады.

Фото: 8 Қараша 2017, , 16:58
«Қазақфильм» АҚ «Бродвей» (brod.kz) кинопорталында өз айдарын ашып, киностудия архивіндегі 645 фильмді жұртшылық назарына ұсынатын болады, - деп хабарлады ҚазАқпарат порталдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Онлайн-кинотеатрға отандық киноархивтің мұндай көлемі алғаш рет ұсынылып отыр. «Қазақфильм» ұсынған фильмдердің жалпы саны - 645, олардың ішінде ойын кинолары - 208, деректі кино - 332, анимациялық - 105», - делінген хабарламада.
Бродвей - бұл қазақстындық кино, режиссерлар және актерлар жайлы ресурс. Мұнда қазақстандық кинематографияның картиналары ашық қолжетімділікте ұсынылған. Фото: inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ